Риясыз диалог
(сен де, мен де ішімде)
- Сенесің бе?
- Ау?!
- Сезіп жүрмін!
- Нені?
- Сені!
Кезіп жүрмін...
Төзіп жүрмін...
Бұл - сезім!
- Қойшы...
- Шын сөзім!
- Сенбеймін!
- Білемін!
- Қайдан?
- Айтты... Күмәншіл жүрегің!
- Кешір...
- Не үшін?
- Кешіктім...
- Неден?
- Көңіл емес қағыппын қабырғасын есіктің!
- Бәлкім...
- Қандай ауыр
- Сөзім бе?!
- Иә... Алдамшы ә көзің!
- Ау?
- Ештеңе өзім...
- Шығасың ба?
- Қайда?
- Анау айға...
- ...
- Біліп едім...
- Тағы нені?
- Үндемейсің.
- Енді не дейін?
- Тым болмаса тілдегейсің!
- Кімді?
- Мені!
- Не деп?
- Білмеймін... Сөйлеші әйтеу елеп!
- Осының бәрі не үшін?
- Маған керек!!!
- Тағы да түн
- Иә...
- Жұлдыздар ағылатын
Құшақтардан табылатын...
Біреуім бар сағынатын.
- Біреу?
- Біреу!
- Бәлкім көп...
- Жоқ! Біреу!
- Ым...
- Мен кеттім...
- Жақсы.
- Салыңды тақшы
Суық!
- Жақсы.
- Мен емес, сен кеттің!
- Иә!
- Мен осындамын.
- Енді?
- Бәрбір қасыңдамын.
- Қорқам!
- Құдай-ау неден?
- Сенен?
- Менен? Не үшін?
- Менікі - өмір, сенікі -өлең!
- Түсінікті...
- Иә солай!
- Осыны о баста ішім ұқты.
- Нені?
- Ақынмын..!
- Иә! ақынсың,
- Тұрақсыз... Соларға жақынсың.
- Күлкілі...
- Неге?
- Сенерсің бір күні.
- Көреміз...
- Иә, көнеміз!
Сенеміз!
Келеміз!
Көңілдің құтысы сынғанша...
- Түсінбедім?
- Түсінбегін!
- Жарайды кірдім,
- Жақсы...
- Не болды?
- Сен кеше күлдің...
- Енді?
- Бүгін ше?!
- Күлмеймін.
- Неге?
- Білмеймін.
- Жарайды рақмет!
- Не үшін?
- Бір күлкі, бір қасірет мұң үшін!
Кездескен кездейсоқ түн үшін.
- Кездейсоқ?
- Осы дұрыс!
- Ым...
- Тоқташы!
- Тағы не?
- Бір қарап алайын...
- Қайда?
- Жүзіңе...
Көзіңе...
Өзіңе...
- ...
- Қайырлы түн!
- Қайырлы!
- Еx, айырды?
- Ау?
- Ештеңе, әдет қой байырғы.
- Ым...
- Жылжиды бәрі уақытпен
- Иә!
- Бірақ мен бақытты ем!
- Қалайша?
- Сөйлескен... бұйырмас бақытпен!
- ...
Авторы: Марғұлан Ақан