ҚҰРАНДАҒЫ ЕҢ ҚАСИЕТТІ АЯТ (2:255)
«Кімде-кім әр парыз намазының соңында Курси аятын оқыса, оны Жәннәтқа кіруден өлім ғана тосып тұрады» (Хадис-шәриф)
«Жатар алдында Курси аятын оқып жатқан адам, таң атқанша Алланың панасында болады» (Хадис-шәриф)
«Курси аяты оқылған үйге шайтандар жоламайды» (Хадис-шәриф)
«Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. Аллаһу ләә иләәһә иләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфау индаһу иллә би-изниһ, иағламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин илмиһи илләә бимәә шәә, уасиа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-Алиюл-Азиим».
Мағынасы: «Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ал Хай (әрқашан бар һәм тірі, бастау мен ақыры болмаған өмір иесі. Һәм Қайюм (Өзіне тән затымен бар, жоғалудан пәк, ада және барлық болмысты болмыс әлемінде ұстап, оларды басқарушы). Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жердегі нәрселердің бәрі Соныкі. Оның құзырында өз рұқсатынсыз кім шапағат ете алмақ? Ол жаратқан болмыстарының алды мен артының бәрін түгелдей біледі. Олар Оның қалауынан басқа ілімнен еш нәрсе ұға алмақ емес. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді қамтиды. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Ол - аса ұлы һәм аса зор».